Мақалада білім сапасын арттыру мәселесінің бүгінгі таңда өзекті болып отырғандығына, ал оның қаншалықты талаптарға сай екенін анықтауда халықаралық SACERS бағалау шкаласын пайдаланудың мүмкіндіктеріне тоқталады. SACERS бағалау шкаласы арқылы білім беру ұйымдарының ортасын бағалаудың артықшылықтарын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарынмен салыстырмалы талдау жасаланады. Сонымен қатар SACERS бағалау шкаласы арқылы білім беру ұйымдарын бағалау Мәскеу қаласының мектептерінде 2015 жылдан бастап қолға алынып келе жатқандығына тоқтала отырып, Қазақстанда аталған мәселеге де көңіл бөліне бастағандығын, оның дәлеле ретінде Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің 7М011- Педагогика және психология (педагогикалық өлшем) білім беру бағдарламасына «SACERS білім беру жағдайларын бағалау» атты пән енгізіліп, оқытылып жатқандығына, пән аясында магистранттар алғашқы зерттеулерін жүргізіп, өзіндік қорытындылар мен ұсыныстарын бергендігін сипаттайды. Сондай-ақ мақалада SACERS бағалау шкаласын пайдалану негізінде еліміздегі мектептердің білім беру ортасын бағалау, оның жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау арқылы жаңадан салынатын білім беру ұйымдарының құрылысын халықаралық талаптарға сәйкестендіруге, сол арқылы оқушылардың білім сапасынмен қатар, оларды белсенді, шығармашылық әрекетке тартуға мүмкіндік туатындығыны қарастырылады.
ҚАЗАҚСТАНДА SACERS ШКАЛАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жарияланған December 2020
411
1674
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Т.Н. Жүндібаева, Г.С. Примбетова, Қ.Е. Ағыбай, Т.Ж.Г.П.Қ.А. 2020. ҚАЗАҚСТАНДА SACERS ШКАЛАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 144–149. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.22.