Мақалада ертегілерді эйдос-конспект арқылы оқытудың тиімділігі туралы жазылған. Көркем шығарманы талдаудың аталмыш түрі ертегілердің идеясын ашуға қызмет ететін көркемдегіш құралдарды, образдар жүйесін, іс-әрекеттерін, оның өзіндік себептерін басқа да қырларынан танып-білуге мүмкіндік болатынына ерекше назар аударылады, осы мәселе нақты мысалдар арқылы айқындалады. Ертегіні талдау кезінде эйдос-конспектіні пайдаланудың тиімді екені, оқушылардың ерекше шығармашылықпен белсенді түрде жұмыс істеп, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының артуына ықпал ететіні олардың талдаған жұмыстары негізінде айқындалады. Көркем туындыны (ертегіні) талдау кезінде әр оқушының ерекше ойлау қабілеті де артады, олар талдау барысында бірінен-бірі асып кетуге тырысып, ойларын креативті түрде беруге ұмтылады, демек эйдос-конспект арқылы жоғарыда айтылған қасиеттер мен дағдылар ғана емес, көшбасшылыққа да жол ашылады. Және де ертегі арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттері жүзеге асады, зерттеу дағдылары қалыптасады, оларды дамыту барысындағы эйдос-конспектінің өзіндік орны анықталып, оқушылар талдаған ертегілерден мысалдар берілу арқылы дәлелдер ұсынылады. Оқушылар эйдос-конспект негізінде тірек сызбалар беруі мүмкін, өз ойларын, талдауларын қағазға түсіру арқылы бейнелі түрде ойлауға машықтанады, логикасы дамиды, нәтижесінде оқу үлгерімі де артады. Ертегілерді талдауда негізгі тірек сөздерді дәл табуға ұмтылады, туындыны өз деңгейінде қабылдай отырып, әдеби-теориялық ұғымдарды да нақты мысалдар негізінде түсініп, талдау жасай алатын болады. Мақалада осы мәселелер оқушылардың жұмыстары арқылы нақты айқындалды.
5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭЙДОС-КОНСПЕКТІНІ ЕРТЕГІ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланған December 2023
103
87
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мырзахметова А.Т., Сманов Б.Ө., Жапарова А.Б., . 2023. 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭЙДОС-КОНСПЕКТІНІ ЕРТЕГІ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2023), 286–294. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.027.