Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

STEAM БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ҮШІН ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ ОҚУ КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ

Жарияланған December 2023

113

140

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет
Аңдатпа

Техникалық мамандықтарда оқитын студенттерді кәсіби даярлауда әрбір оқу пәнінің өзіндік алар орны бар. Дей тұрсақ та, математикалық білімнің алар орны ерекше. Бірақ біз, мамандар даярлаудағы математиканың орны туралы айтпаймыз. Бұл мақалада, STEAM білім беру жағдайындағы техника саласы мамандарының кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы математикалық білімнің мазмұны және әдістемелік кешенін даярлауға байланысты пікірлерімізбен бөлісеміз. STEAM білім беру болашақ техника саласының мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін математика пәнін оқыту мысалында қарастыратын боламыз. Бірінші кезекте бұл құзыреттіліктерді қалыптастыруға байланысты, пәннің тараулары бойынша әдістемелік кешеннің қажет екені белгілі. Мақалада «Жоғары математика» пәнінің барлық тараулары бойынша қарастырған мысалдардың барлығын көрсете алмаймыз, мысалда солардың негізгілеріне шолу жасаймыз. Сонымен қатар, STEAM білім беру жағдайындағы оқытушының рөлінің, әдеттегі оқытушыдан, басқа сапаға ауысуы туралы да баяндаймыз. Мақалада «Жоғары математика» пәнінің техникалық мамандықтарда оқыту мазмұны бойынша тапсырмаларды негізгі үш түрге бөліп қарастырдық. Олар: математиканың айналадағы құбылыстарға негізделген бөлігіне арналған тапсырмалар; АКТ құрылғыларын қолданып орындайтын тапсырмалар; мамандардың кәсіби біліктілігін айқындайтын тапсырмалар. Бұл тапсырмалардың кешені STEAM білім беруді жүзеге асырудың ең көп тараған пәндік интеграциясы әдісі мен пәнаралық байланыс принципін негізге алып даярланды. Әрине,  осы белгіленген тапсырмалар аясында STEAM білім берудің (ғылымилиғы, технологиясы, инжиниринг, шығармашылығы, математикасы) мазмұны ашылды. Әрине тапсырмалар кешені даярланатын болса, оларды бағалаудың критерийлері туралы айтпай өтуге болмайды. Мақаланың қорытынды бөлімінде мысалдарда тапсырмалардың бірнешеуін қарастырып, оларды бағалаудың критерийлерін кестеде көрсеттік (критерийлері, дескриптор, баллдық бағасы).

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тулентаева Г.С., Сейлова З.Т., Беркимбаев К.М. , . 2023. STEAM БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ҮШІН ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ ОҚУ КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2023), 154–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.015.