Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Жарияланған December 2020

128

0

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Аңдатпа

Математика мұғалімінің зерттеу құзыреттілігінің мәні мен құрылымын талдау зерттеудің мақсаты болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мен талдау көрсеткендей: көптеген авторлар мұғалімнің зерттеу құзыреттілігінің мәнін анықтауда оның тұтастығын, динамикалығын, интегралды-лығын және интегративтілігін атап өтеді. Зерттеу құзыреттілігі жеке қасиеттердің жиынтығы, сипаттамасы, зерттеу мәселелерін шешу қабілеті ретінде қарастырылады.
Математика мұғалімінің зерттеу құзыреттілігі – бұл кәсіби маңызды сапа, педагогикалық құзыретті-ліктің құрамдас бөлігі, мұғалімнің жеке басының интегралды сипаттамасы, танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға саналы дайындығы, оны педагогикалық жұмыста басқаруға деген ұмтылыс пен қажеттілік.
Жеке, қызметтік, жүйелік, құзыреттілік, аксиологиялық, процессуалды-технологиялық идеялар математика мұғалімінің зерттеу құзыреттілігінің құрылымын зерттеудің әдіснамалық тәсілімдеріне негіз болды.
Математика мұғалімінің зерттеу құзыреттілігінің құрылымдық компоненттері: мотивациялық-құндылық, танымдық, операциялық-қызметтік, рефлексивті.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Баялина А.М., Дамекова С.К., Б.А.Д.С. 2020. МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 137–143. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.21.