Мақалада болашақ шет тілі мұғалімдерін даярлауда шет тілі білім беру процесінде контекстік оқытудың маңыздылығы ашылады. Кәсіби қызметтің контекстерін ескеру ерекшеліктері және оларды ескере отырып жүзеге асырылатын нарративті құзыреттілігін қалыптастыру міндеттері қарастырылады. Студенттер шығаратын нарративтер – бұл жағдайға және контекстке байланысты қарым-қатынастың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын ауызша коммуникацияның ең көп таралған түрлерінің бірі. Берілген мақала контекстік оқытуда нарративті құзіреттілігін қалыптастыруы мұғалім арнайы ұйымдас-тыратын проблемалық-негізделген міндеттер арқылы асырылуы мүмкін болатындығын дәлелдеуге тырысады, ол міндеттер студенттердің белсенді өзара әрекеттесуін, ұсынылған проблемалық мазмұнның шешімдерін табудағы бірлескен қызметін қамтамасыз етеді. Автор әдістемелік аспектіні ашатын проблемалық жағдайлардың мысалдарын келтіреді. Контекстік оқытудың одан әрі зерттеу перспектива-лары және болашақ шет тілі мұғалімдерінің нарративті құзыреттілігін қалыптастыру процесінде оның маңыздылығы ұсынылады.
КОНТЕКСТІК ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ НАРРАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ
Жарияланған December 2020
253
198
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Е.О. Пентина, Е.П. 2020. КОНТЕКСТІК ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ НАРРАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 116–122. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.17.