Мақалада soft skills дағдылары және олардың әлеуметтік педагогтарды дайындаудағы рөлі қарастырылады. Қазіргі уақытта тәжірибе көрсеткендей, кәсіби саладағы терең білім мен тәжірибеге ғана сүйену жеткіліксіз. Болашақ мамандар үшін кәсіби қызметте табысты болуға көмектесетін дағдылар қажет. Әр түрлі зерттеулерді талдау негізінде авторлар бұл дағдылар soft skills екенін анықтады. Болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде де, әлеуметтік педагогтарды даярлауда да soft skills дағдыларын дамытудағы шетелдік зерттеулер мен тәжірибелер талданды. Шет елдердің мысалында әлеуметтік педагогтардың маңызды soft skills дағдылары анықталды. Soft skills дағдыларының еңбек нарығындағы өзектілігі мен отандық әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлауда осы дағдылардың рөлін зерттеу жұмыстарының жеткіліксіздігі «Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасы студенттердің soft skills дағдылары мәселесіне қатынасын зерттеу қажеттілігін туындатты. Зерттеу үшін авторлар сапалы әдістерді, атап айтқанда терең сұхбат пен тақырыптық талдауды қолданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, студенттер soft skills тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын жалпы түрде ұғынғанымен, бұл дағдыларды даярлық үдерісінде дамыту туралы маңызды қырлары туралы түсінік нақты емес. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік педагогтарды даярлау процесінде soft skills дағдыларын дамыту бойынша мақсатты жұмыс қажет.
SOFT SKILLS ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ ОЛАРДЫҢ РӨЛІ
Жарияланған March 2024
76
92
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
soft skills
дағдылар
әлеуметтік педагог
болашақ маман
жоғары оқу орны
еңбек нарығы
кәсіби даярлау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шалгынбаева К.К.,Санатбай П.А.,Медеубаева К., . 2024. SOFT SKILLS ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ ОЛАРДЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.014.