Бұл зерттеудің пәні-оқушылардың сыни ойлауы. Мақалада қазіргі әлемде оқушылардың сыни ойлауын дамыту мәселесінің өзектілігі негізделген. Ұлттық білім беру стандарттары сыни ойлау дағдыларын "мектеп түлектерінің портреті" басты белгілерінің бірі ретінде анықтайды. Осыған байланысты әрбір деңгейде тиімділігі нақты критерийлер көмегімен бағалануы мүмкін сыни ойлау дағдылары ұлттық стандарттар мен бағдарламаларда тиісті түрде айқындалуы тиіс. Аталған мәселені шешудің бір жолы ретінде автор сыни ойлауды дамытудағы шетелдік талдауды ұсынады. Автор сыни ойлау дағдыларын дамытудың негізгі қойылатын талаптар критерийлерін анықтауға тырысады және мемлекеттік жалпы білім беру стандартының авторлары қолданатын сыни ойлауды бағалаудың кейбір әдістерін ұсынады. Зерттеу мақсатына қол жеткізілді, өйткені ұсынылған бағалау критерийлері халықаралық тәжірибеде сыналды және мектеп оқытушылары мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне пайдалы болуы мүмкін оң нәтижелер әкелді.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған March 2024
100
89
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кумарев Я.А., Карманова Ж.А., . 2024. ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 317–327. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.027.