Бұл мақалада дене шынықтыру және спорт мамандығы білімгерлеріне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмір салты шкаласының қазақ тіліндегі нұсқасының сенімділігін анықтап, студенттер арасында қолдану мәсселесі зерттелген.
WHOQOL-BREF-KAZ шкаласы адамның психологиялық, әлеуметтік, денсаулық, дене жағдайы мен қоғамдық жағдайын анықтайтын 26 сұрақтан тұрады.
Зерттеу жұмысына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті және Қазақ спорт және туризм академиясында оқитын жалпы саны 474 (оның ішінде 290 ер бала, 184 әйел) респондент қатыстырылды.
Ғылыми мақалада зерттеу жұмысына қатысушы респонденттердің сауалнамадан алынған нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижелерін талдау үшін сауалдардың құрылымдық дұрыстығына қатысты факторлық талдау анализі қолданылды, ал Cronbach Alpha (α) сенімділігін анықтау үшін пайдаланылды. Сонымен қатар, сәйкестік индексі мәндерінің дұрыстығы, Ішкі консистенция коэффициенттері мен сәйкестік индексі мәндерінің дұрыстығы анықталды. Респонденттерден жиналған мәліметтер SPSS 20 бағдарламасына салынып, кестелер түрінде енгізілді және талдау жасалынды.