Бұл мақалада қазақстандық ЖОО оқытушыларының ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде мәселеге бағытталған оқыту тәсінін енгізу тәжірибесі талданады. Мәселеге бағытталған оқыту әр уақытта әр түрлі мазмұнға ие болды. Ол белгілі бір проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған және шағын топтарға арналған оқушыға бағытталған оқыту деген анықтамасынан бастап, кеңейтілген мазмұнға дейін, оның ішінде оқушылардың сыни, логикалық және дивергентті көзқарасын қалыптастыру сияқты ұғымдарды қамтиды. Қазіргі таңда проблемалық оқыту – бұл студенттер өздерінің өмірлік тәжірибесіне, мәселе туралы біліміне, қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, прагматикалық кәсіби сипаттағы мәселелерді шешетін стратегияларды құруда танымдық қабілеттерін көрсететін оқыту тәсілі.
Зерттеу жумыс сапалы зерттеу әдістерін қолдану негізінде құрылды, атап айтқанда: сұхбат және ашық сауалнама, оған кәсіби ағылшын тілі мұғалімдері қатысты, оның мақсаты тәсілді кәсіби-бағдарлы шет тілі сабақтарындағы қолдану жиілігін, тиімділігін және проблемаларын анықтау болды.