Бұл мақалада ынтымақтастықта оқыту технологиясының жалпы биологияны оқыту үдерісін интенсификациялаудағы рөлі қарастырылған. Себебі, педагогикалық технологиялардың әртүрлілігінің ішінде білім берудің мақсаттарына барынша сәйкес келетіні – ынтымақтастықта оқытуболып табылады. Авторлар ынтымақтастықта оқыту технологиясын білім беру мазмұнын, мерзімін, тығыздығын есепке ала отырып талдаған. Сонымен қатар, бұл технологияны білім беру үдерісіне кіріктіруде қолданылатын ең тиімді әдіс ретінде қарастырып, отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу жасаған. Зерттеудің нәтиже-сінде қазіргі білім беру жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі - білім беру үдерісін интенсификациялау болып табылатындығы анықталды. Осылайша, жалпы биологияны оқытуды интенсификациялаудың негізгі міндеті: оның мақсаттылығын, уәжділігін арттыру және оқытудың мазмұндық жағын кеңейту, оқу әрекеттерінің қарқындылығын арттыру, оқу үдерісін ұйымдастырудың шеберлігін дамыту, оқу-тәрбие жұмысының жаңа әдістері мен формаларын әзірлеу және енгізу болып табылады.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ИНТЕНСИФИКАЦИЯЛАУДАҒЫ РӨЛІ
Жарияланған December 2020
223
198
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
педагогикалық технологиялар, білім беруді интенсификациялау, биологиялық білім, ынтымақтастықта оқыту.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Дуйceнбeк A.A.,. Аблайханова Н.Т.,. Бaуыpжaн A.Б. Д.A. 2020. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ИНТЕНСИФИКАЦИЯЛАУДАҒЫ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 149–156. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.23.