Педагогика және психология ғылымдары педагогикалық қызмет, мұғалімнен өзін-өзі басқару мен
өзін-өзі реттеудің үлкен резервтерін талап ететін стрессогендік санатқа жатады деген қорытындыға келді.
Авторлар бұл мәселеге COVID-19 пандемиясында онлайн оқытуды кеңінен қолдануға байланысты
қызығушылық танытты. Бұл мақалада авторлар мұғалімдердің өз іс-әрекеттерінде эмоцияны білдіру
тәжірибесін, мұғалімдердің оқу процесін қалай ұйымдастыратынын, интернетте оқу кезінде эмоцияларын
қалай басқаратынын және реттейтінін зерттеуге тырысты. Интернеттегі оқытуға қатысушылардың
эмоционалды еңбек тәжірибесін зерттеу үшін алдын-ала талдау қолданылды. Бұл алдын-ала зерттеу
педагогпен студенттердің онлайн-ортада қаншалықты эмоционалды түрде жұмыс жасайтындығын
түсінуді кеңейтеді.
Жағдайға байланысты онлайн ортада эмоцияларды білдіру немесе басу қатысушыларды шешім
қабылдаудың күрделі процесіне тартады және білім алушылардың білімі мен тәрбиесінің нәтижелеріне
әсер етеді.
ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕҢБЕГІ
Жарияланған December 2020
77
605
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
білім беру, оқу басшылығы, оқу практикасы, әлеуметтік-мәдени тәсіл, мұғалімнің эмоционалды жұмысы.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Колумбаева Ш.Ж., Ланцева Т.В., Киясова Б.А., . 2020. ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕҢБЕГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 71–77. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.10.