Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ: ҚҰРАМДАС БӨЛІМДЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ

Жарияланған September 2024

50

77

М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университет
Аңдатпа

Соңғы жылдары креативті білім беру ортасын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады және оны жүзеге асыру мұғалімнен жаңа идеяларды, технологияларды, әдістер мен тәсілдерді меңгеруді қажет етеді. 

Зерттеудің мақсаты педагогика ғылымы шеңберіндегі креативтілік құбылысының мәні мен маңызын, сонымен қатар креативтіліктің білім беру ортасының құрамдас бөлігі ретінде білім алушының жеке басына әсерін талдау болып табылады. Зерттеу барысында авторлар креативтіліктің жан-жақты және көп өлшемді сипатын талдай отырып, оның құрамдас бөлігі креативті білім беру ортасын толық ашпайтынын анықтады. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығын құрады.

Талдау білім алушылардың білім нәтижелері мен креативтіліктің тиімділігін қамтамасыз ететін креативті білім беру ортасы барлық қатысушыларды қамтитын физикалық қоршаған ортасы мен заттарына, субъектілер арасындағы тиімді коммуникация мен жайлы психологиялық ахуалға және белгілі бір білім нәтижесіне бағытталған әдістемелік-технологиялық қамту кешеніне байланысты. Бұл мәселелер креативті білім беру ортасының пәндік-кеңістік, әлеуметтік-коммуникативті, ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымдық компоненттерінің өзара байланысы мен әрекеттесуі ненігізде жүзеге асады.

Зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңін біз бастауыш сыныпта креативті білім беру ортасын қалыптастырудың моделі мен психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтаумен байланыстырамыз. 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Альситова А.Б., Жазыкова М.К., Вахидова Л.В., . 2024. КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ: ҚҰРАМДАС БӨЛІМДЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 15–25. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.002.