Мақалада Павлодар облысы бойынша жалпы білім беретін мектептердегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және оларға қатысушылардың рөлдерін анықтау және оның алдын алудың қажеттілігі сипатталады. Буллинг – бұл білім беру ұйымыныда оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін барлық факторлардың өзара әрекеттесуінің күрделі нәтижесі. Буллингтің алдын алу жолындағы маңызды қадам – бұл мектептегі орын алып жатқан барлық нақты факторларды анықтау және олардың ықпалын түсіну. Осыдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алуда буллингтің мазмұнын және құрылымын, оның қалыптасу кезеңдерін білу қажет. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты буллингтің табиғатын түсіну, оның құрылымын және оқушылар арасындағы буллингтің әсерін анықтау болып табылады. Білім беру ұйымдарында көбінесе буллинг жағдайында бастамашы жалғыз емес, негізінен оның айналасында жақтаушылар тобы құрылады, зорлық-зомбылықтың түрі ретінде буллинг бір оқушыға емес, бірнеше адамға да бағытталуы мүмкін. Буллер өз әрекеттерін құпия ұстауға тырыспайды, керісінше, ол көпшілік алдында агрессивті түрде әрекет етеді. Егер зорлық-зомбылық тұрақты бола бастаса, онда оның бірнеше адамнан бастап бүкіл сыныпқа дейін куәгерлері болуы мүмкін. Зерттеу барысында буллинг пен кибербуллинг мәселесіне қатысты психологиялық әдістемелер таңдалып алынды, соның ішінде Е.Г.Норкинаның «Буллинг құрылымын» анықтауға арналған әдістемесі қолданылды.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жарияланған October 2023
102
106
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
буллинг, балалар, жасөспірімдер, буллер, агрессор, құрбан, жәбірлеуші, бақылаушы, қорғаушы.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шолпанкулова Г.К.,Асылбекова М.П.,Шалгынбаева К.К.,Жубакова С.С., . 2023. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 1, 80 (Жов 2023), 285–298. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.025.