Зерттеу жұмысы биология мұғалімдерін даярлаудағы және зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудағы оқу-далалық тәжірибенің рөлін зерттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты – зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру үшін болашақ биология мұғалімдерін даярлаудағы далалық тәжірибенің маңыздылығын бағалау. Жұмыста биология мұғалімдері туралы, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерінің педагогтерді даярлаудағы әдістері мен байланысы туралы мәліметтер бар. Жұмысты орындау барысында ғылыми деректерді талдау, сауалнама жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу әдістері қолданылды. Жұмыс барысында мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибесі, жұмыс орны, білім деңгейі мен біліктілігі, жетістіктері туралы деректер және Қазақстан Республикасы биология педагогтерінің оқу-далалық тәжірибеге пікірлері алынды. Алынған мәліметтерге сүйенсек биология мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігі университетте білім алған кезіндегі оқу-далалық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстардан өту барысында тікелей қалыптасады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің жеке жетістіктері мен осы ұстаздар дайындаған оқушылардың жетістіктері көбінесе мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігімен байланысты. Бұл жұмыстың қорытындылары университеттерде биология мұғалімдерін даярлау, біліктілікті арттыру курстарын құру бойынша бағдарламаларды жаңарту кезінде пайдаланылуы мүмкін және биология мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін арттыруға арналған ұсыныстарды қамтиды.
БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: УНИВЕРСИТЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАНСАПҚА ӘСЕРІ
Жарияланған October 2023
145
159
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
зерттеу құзыреттілігі, далалық практика, биология мұғалімдері, біліктілік, ЖОО, мектеп.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Abdildauly А.,Mukasheva D.,Tleubay S.,Martina Haas . 2023. БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: УНИВЕРСИТЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАНСАПҚА ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Жов 2023), 224–235. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.019.