Бұл мақалада студенттің экологиялық мәдениетінің мәселелері қарастырылып, оны қалыптастырудың мазмұндық-мақсатты, операциялық-әрекеттік және бағалау-тиімді блоктардан тұратын оқу-әдістемелік моделі әзірленіп, ұсынылды.Зерттеу барысында «Экосоқпақ» Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің типтік моделінің сипаттамасы берілген, оны құру туризм және білім беру саласындағы студенттерге қосымша экологиялық мәдениеттің аймақтық жүйелерін дамытуға бағытталған. «Экосоқпақ» типтік моделі экологиялық соқпақ тәжірибе аясында оқу-әдістемелік моделін құру мәселесін шешуді ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету шеңберінде әзірленді. Модель білім берудегі экожүйелік көзқарас қағидаттары негізінде студенттерді жергілікті жерде ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке тарту, аймақтағы эмоционалдық белсенділікті дамыту және оның дамуының драйверлерін іске қосу мақсатында әзірленді. Модель құрудың мақсаты — қазіргі қоғамның тұрақты дамуы жағдайында экологиялық-білім беру жобасының моделін құру арқылы студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және оның деңгейін арттыруға, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға және "адам-табиғат" ұғымын ашуға бағытталған әрекет. Бұл модель практикалық сабақтарды, экскурсияларды, экологиялық-эстетикалық бағыттағы сабақтарды, ғылыми-зерттеу қызметін қамтитын бағдарлама болып табылады.
Осылайша, алынған нәтижелер студенттердің «Экосоқпақ» іс-әрекет үдерісінде экологиялық мәдениет пен білім беру жобасын жүргізу жоғары оқу орынның білім беру кеңістігінде білім алушы тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. "Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі" аясында студенттердің экологиялық мәдениетін дамытудың үлгілік моделі деңгейлерінің арасындағы айырмашылық айтарлықтай болды. Экспериментке қатысушылардың басым көпшілігі экологиялық білімнің жоғары деңгейіне ие болды. Олар белсенді экологиялық ұстанымды қабылдады, білім алушылар өздерінің экологиялық мәдениетін жетілдірумен айналысып қана қоймай, өз білімдерін басқа студенттерге таратады, ұлттық паркке, қорықтарға, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды белсенді насихаттайды. Осы позициялардан біз әзірлеген типтік модель студенттің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мазмұнды, мақсатты, операциялық және бағалау-нәтижелі компоненттерді қамтиды