Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ, СЫНАҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕҢУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жарияланған October 2023

96

95

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада авторлар ғылыми-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді талдау негізінде мектеп директорының кәсіби құзыреттіліктері мен қасиеттері мәселесін ашуға тырысты. Әдебиеттерге шолу көрсеткендей, директорлықты зерттеудің пәні ретінде қарастыру англо-саксон елдерден бастау алады, ал 1900-шы жылдардан бастап АҚШ,Ұлыбритания, Австралия және Канада ғалымдары мектеп директорына қатысты түрлі мәселелерді зерттейді. Аталмыш мәселенің өзектілігі 1970-ші жылдардан бастап қайта қолға алынады. Оның себебі, сол жылдары мектеп тиімділігі сұрағы маңызды болып қарастырыла бастағаны.

Шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеу негізінде авторлар мектеп директорының портретіне, оның функциялары мен кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөліктеріне сипаттама беруге тырысқан. Сонымен қатар зерттеушілер үлгілік көшбасшылық стратегиясының қағидаларын көрсете білген.

Аталмыш зерттеудің ерекшелігі ретінде, ғалымдардың қазақстандық ғылымның аясында жаңа директор мәселесін алғаш рет қарастырғаны атап өтуге болады. Жұмыста сынақтар мен оны жеңу жолдары қарастырылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нурланов Ш.Н.,Билялов Д.Н., Абсатова М.А.,Байназар Ж.О., . 2023. МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ, СЫНАҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕҢУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 1, 80 (Жов 2023), 5–16. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.001.