Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Жарияланған March 2024

62

30

Сямэнь университеті
Аңдатпа

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін жекешелендіру 1990 жылдардың басында басталды. Демек, елімізде жиырма бес жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік емес (жекеменшік) жоғары оқу орындары дамып келеді. Нәтижесінде мемлекеттікке қарағанда жекеменшік жоғары оқу орындары мен ондағы студенттердің саны басым. Дегенмен, жекеменшік жоғары кәсіби білім берудің кеңінен таралғанына қарамастан, бұл сала аз зерттелген. Бұл мақала соның орнын толтыруға тырысады. Мақала Қазақстандағы жекеменшік жоғары оқу орындарын зерттеуге теориялық тәсілді қолданады. Атап айтқанда, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарын талдау үшін Дэниел Леви ұсынған жекеменшік университеттердің классификациясын пайдаланады. Зерттеу нәтижесі Қазақстанның білім нарығында жекеменшік білім беру ұйымдарының барлық үш категориясы – элиталық және жартылай элиталық (elite and semi-elite),идентификациялық (religious or cultural), және сұранысты қабылдаушы  (demand-absorbing)институттар жұмыс істейтінін көрсетті. Оның ішінде тек бір қазақстандық жекеменшік университет идентификациялық категорияға жатады. Бірнеше университетті жартылай элиталық деп санауға болады, ал жекеменшік оқу орындарының басым көпшілігі сұранысты қабылдаушы оқу орындары болып табылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шалдарбекова А.Б., . 2024. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2024), 15–23. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.002.