Бұл мақалада қазіргі заманғы білім беру үшін мобильді қосымшаларға толықтырылған шындық мүмкін-діктерін енгізу мәселесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты мобильді қосымшалардың оқу мазмұнында толықтырылған шындықты қолдану мәселесін қарастыру болып табылады. Жұмыс білім берудегі мобильді технологияларының негізгі аспектілерін және жалпы білім беретін мекемелердің оқу үдерісінде зерттеу нәтижелерін практикалық қолдануды қарастыруға арналған. Мақалада зерттеу барысында әзірленген «Информатика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндерін Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқыту мысалында толықтырылған шындықты қолдана отырып, мобильді қосымша модулінің білім беру мазмұнын қолдану туралы айтылады. Білім берудегі мобильді қосымшаларымен және толықтырылған шындық технологиясымен байланысты негізгі анықтамалар берілді, пәндік салаға талдау жүргізілді. Рассмотрен международный опыт применения данной технологии в образовательном процессе. «Информатика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндерін оқу үдерісін ұйымдастыруға және оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалауға арналған мобильді қосымшалар сияқты білім беру бағытындағы мобильді технологияларды пайдалана отырып оқыту кезеңдері сипатталған. Эксперимент нәтижесінде мобильді қосымша іс жүзінде іске асырылды және «Информатика және цифрлық сауаттылық сабақтарында мобильді технологияларды қолдану» атты бейімделген авторлық бағдарламасы әзірленді. Мектептегі информатика және цифрлық сауаттылық курсын оқуда мобильді технологияларды қолданудың нәтижелері жүргізілген зерттеудің өзектілігін растайды.
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ҰСЫНУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ
Жарияланған June 2024
61
55
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
мобильді технологиялар
толықтырылған шындық
оқыту мазмұны
информатика
мобильді қосымшалар
білім беру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Tkach G.,Li O., Kerymbayev N., Garvanov I., . 2024. МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ҰСЫНУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 321–330. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.029.