Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАТЫСУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

Жарияланған July 2023

145

125

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада Түркістан облысындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты оқушыларына енгізілген білім беру жүйесінің тиімділігін анықтау үшін докторлық диссертация шеңберінде әзірленген біліктілікті арттыру курстары арқылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Математика» кафедрасында білім алушыларға арналған «Олимпиадалық есептерді шығару» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде нақтыланып, Түркістан облысындағы дарынды балаларға арналған физика-математикалық мектеп-интернаты оқушыларының математикалық олимпиадаларының нәтижелері сипатталған. Білім беру мен ұйымдастыру сапасы, оқу бағдарламаларын іске асыру деңгейі, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі және олардың білім беруде қажетті нәтижелерді қамтамасыз етудегі белсенділігі, оқушылардың жеке жетістіктері, сондай-ақ жалпы білім беру сапасын қамтамасыз етудегі мектеп жетістіктерінің параметрлері анықталды.

2020-2023 жылдар аралығындағы жүргізілген математика пәнінен олимпиада бойынша эксперименттік зерттеулер келтірілген. Сауалнама ұйымдастырылып, жалпы білім беретін мектептер, Түркістан облысындағы жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен білім алушылар арасында жүргізілген. Сонымен қатар оқушылар арасынан алынған эксперименттік тобының математикадан олимпиадалық даярлау бағдарламасының сапалық нәтижесі мен бақылау тобының нәтижелерінен 13,95% - ға жоғары болғанын көрсетеді, математикадан базалық мектеп бағдарламасын меңгеру 16,25% - ға жоғары болды, ал олимпиадалық есептерді шешудің теориясы мен әдістері бойынша сапалы үлгерім қатысушылардың 76% - ның басымдылығын көру мүмкін болды.

Мақалада докторлық диссертация аясында әзірленген болашақ зерттеудің теориялық мазмұны ұсынылған. Зерттеу тұжырымдамасын әзірлеуден, зерттеудің бағыттары мен нақты міндеттерін анықтаудан тұратын проблеманы қою кезеңіне сәйкес келетін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Ж.Қаппаров №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернат оқытушылары және оқушыларының арасындағы байланыстар мен жылдық қорытындылары көрсетіліп, ғылыми зерттеулер талданды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Алтынбеков Ш.Е., Аширбаев Н.К.,Дуйсебаева П.С., . 2023. ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАТЫСУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 251–261. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.027.