Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған July 2023

165

119

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Бұл мақалада білім алушылардың ХХІ ғасырдағы оқыту жүйесінде өзекті болып табылатын жоғары ретті ойлау дағдыларын және цифрлық құзыреттілікті электронды оқыту моделі арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылады. Жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген білім алушылардың өзіндік әрекетке дайындығының моделін, өз бетінше танымдық іс-әрекетті бақылау жүйесін, танымдық белсенділікті қалыптастыруды бағалау критерийлерін, сонымен қатар тұлғаның әртүрлі іс-әрекеттерге дайындығын қалыптастыру мәселелерін ұсынылады. Электронды оқыту циклінің оқыту моделін жүзеге асыруда түрлі гаджеттерді қолдану білім алушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға айтарлықтай әсер ететіндігі зерттеу нәтижесі арқылы талданады. Сонымен қатар, электронды оқыту моделінің, соның ішінде білім беру платформаларын пайдалану білім алушылардың қызығушылығын арттырудағы оңтайлы әсері, электронды оқыту моделінің кезеңдерінде білім алушылардың үлгерімін жақсарту, оқу іс-шараларын әзірлеу, оқытуды бағалау және ілгерілету үшін жүйелі мүмкіндік беретіндігі талқыланады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Машрипханова Г.А., Кыдырбаева Г.Т.,Есейқызы А., . 2023. ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 208–216. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.022.