Зертханалық жұмыстар, мектепте, физика пәнін оқыту барысында қолданылатын оқу материалын игерудің қызықты әрі танымдық тәсілі болып табылады. Мақалада қашықтықтан білім беру жағдайында немесе мектепте зертханалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі болған жағдайда оқыту үрдісінде қолдану үшін жасап шығарылған физика пәні бойынша мектепте заманауи виртуал-ды зертханалық жұмыстарға шолу жасалады. Жұмыста 2000 жылдан бастап жарияланған бірқатар шетелдік дереккөздерге талдау жасалады, оқытуға арналған виртуалды жүйелерінің артық-шылықтары мен кемшіліктері зерттеліп, салыстырылады. Сонымен қатар болашақ технологиялар мен қосымшаларды жасап шығарудағы тенденциялар анықталып, оларды жүйелі шолу мен бағалауды жүргізу үшін мектепте виртуалды зертханаға қойылатын талаптар тұжырымдалып, виртуалды жұмыстарды бағалау критерийлері ұсынылады. Қашықтықтан білім беру барысында демеуші мұғалім оқушының жанында болмайды. Осы жағдайды ескере отырып, оқушыға психологиялық жайлы ақуал тудыру мәселесі қозғалған. Бұл бағытта оқушы сенімін арттыру жолдары зерттелген. Тым күрделі физикалық есептерді өз бетінше шешу алгоритімінде виртуалды ұғымдарды пайдалана отырып, мәселені жеңілдету жолдары ұсынылыған. Қорытындылай келе, авторлар мектепте физиканы оқытудағы виртуалды зертханалардың негізгі кемшіліктерін анықтап, осы мәселелерді ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып шешу жолдарын ұсынады.
МЕКТЕПТЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2023
147
130
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мектептегі виртуалды зертханалық жұмыстар
мектепте физиканы оқыту
қашықтықтан оқыту
электронды оқыту
субъективті кесте
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Каримова А.Т., Курбанбеков Б.А., Али Чорух , . 2023. МЕКТЕПТЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 81 (Груд 2023), 294–303. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.028.