Мақалада XXI ғасыр заманауи технологиялардың, ақпарат ғасыры болғандықтан, еліміздің бүкіл
ақпараттың жүйесі, ақпараттық ресурстар мен электронды технологияларды тиімді пайдалану үшін
түбегейлі өзгерістерді жасаудың қажеттілігі туындау жөніндегі мәселелері берілген. Біздің
тұтынушыларымыз ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс. Біздің айналамыздағы дүние кеңістік қана болмай, сонымен бірге
ақпарат та болып табылады. Ақпараттың адамзат қоғамында маңыздылығы өте ерекше. Ол
идеялардың және шешім жасаудың қуатты көзі. Қазiргi кiтапханаларға өндiрiс шығармаларын,
ақпарат бағдарламаларын насихаттау барысында, жаңа технологиялық компьютердi өмiр талабына
сай өзгертiлген түрлерiмен ұтымды ұштастыру әрекеттерi iздестiрiлуде және ғаламдық тұрғыда алға
қойған мәселелердi дұрыс шешу мен меңгеруге жол ашады. Кітапхана барысындағы дәстүрлі
технологиялардың өзгеруі, электронды есептегіш техникаларды қолдану кітапхана қызметкерлерінің
психологиялық көзқарасына әсер етеді, олардан дәстүрлі емес қызметтер мен ұйымдастырғыш
құрылымдық өзгерістерді қажет етеді.
Қазақстан Республикасы кітапхана ісінің жаңа бағыттағы аспектілерін қалыптастыру мәселелері,
ерекшеліктері, әдістері процестері және кітапхана ісінің даму болашағы, инновацияның әрқилы
түрлерін іске асыру барысында негізгі міндеттерді шешеді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жарияланған August 2020
93
157
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Н.Б. Денгельбаева, А Атантаева, . 2020. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 217–223. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.37.