Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН КОМПАРАТИВТІ ТАЛДАУ

Жарияланған August 2020

82

130

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ мамандарды (біздің контекстімізде, әлеуметтік педагогтарды) әлеуметтік
серіктестік жағдайында дайындаудың ерекшеліктері қарастырылады және салыстырмалы талдау
жасалады (үш елдің: Қазақстан, Ресей және АҚШ тәжірибелерін салыстыру негізінде). Әлеуметтік
серіктестік ұғымы сан алуан түрлі ғылымда әртүрлі мағынада түсіндіріледі: топтық және
корпоративтік қызығушылықтарды ескере отырып, жалпы ұлттық мүдделерге жетуге бағдарланған
түрлі әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынас жүйесі ретінде (философиялық аспект); әлеуметтікеңбек қатынастары саласындағы қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттің
ынтымақтастығына бағытталған шаралар жүйесі ретінде (экономикалық-құқықтық аспект); таптық
күрес теориясының орнына келген субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі ретінде
(тарихи аспект). Біз қарастырып отырған білім беру саласында серіктестік қарым-қатынас үлгісі
ерекшеленеді, өйткені білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік үлгілерінің өзіндік ерекшелігі
білім алу қажеттілігімен және білім беру қызметтеріне сұраныспен түсіндіріліп, халықтың жұмыспен
қамтылу деңгейінің және құрылымының өзгеруімен анықталады. Мысалы, Батыс Еуропа
экономикасын жаңа технологиялық базисте қайта құру 70-ші жылдары құрылымдық
жұмыссыздықтың күшеюін тудырды, дәл сол кезде мемлекеттің, кәсіпкерлер мен қызметкерлердің
мүдделерін келісуді жеңілдететін білім беру саласында тиісті реформалар жүргізілді. Қазіргі уақытта
білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік моделі кәсіптік білім беру мен оқыту жүйесіне
мемлекеттік қатысу дәрежесі және әлеуметтік серіктестердің қажеттілігі мен олардың күш-жігерін
біріктіру қабілеті сияқты айырмашылықтарға ие.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.К.Шолпанқұлова, А.Қ.Садықова, . 2020. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН КОМПАРАТИВТІ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 161–169. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.28.