Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Жарияланған February 2023

185

167

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Экологиялық сауаттылықты қалыптастыру-экологиялық білім берудің маңызды мақсаттарының бірі. Экологиялық сауаттылықтың жеткіліксіздігі қоршаған ортаның ластану мәселесін күшейтеді. Жалпы мектептердегі экологиялық электив курстары, үйірмелер-бұлар оқушылардың қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы жұмыстарға қатысуына ықпал етеді. Экологиялық үйірмелердің оқушылардың экологиялық сауаттылығына әсерін зерттеу Алматы облысы, Қарасай ауданы  Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде жүргізілді. Зерттеудің мақсаттары экологиялық үйірме мүшелерінің әртүрлі экологиялық білімі бар-жоғын, экологиялық көзқарасын және қоршаған ортаны қорғау шараларын білуіне ықпал келтіру болды. Деректер сауалнамалар арқылы кездейсоқ таңдалған 66 респонденттің үлгісінен жиналды. Үйірмелердің тұрақты мүшелерінен жұмыстардың қалай ұйымдастырылғандығы және оқушылардың мектептерде не істегені туралы ақпарат алу үшін сұхбат алынды. Жиналған деректер кестелер мен график түрінде ұсынылды. Ол пайыздар, t критерийі және Хи-квадрат көмегімен талданды. Зерттеу көрсеткендей, экологиялық үйірмеге қатысу респонденттердің қоршаған ортаға деген көзқарасына әсер етті. Зерттеу экологиялық үйірмелердің экологиялық білімді арттырудың маңызды құралы болып табылады деген қорытындыға келді, себебі олар сыныпта алынған экологиялық білім беру тұжырымдамаларын белсенді оқытуға және игеруге ықпал ететін интерактивті оқыту әдістерін ұсынады. Зерттеуде берілген  ұсыныстар экологиялық білім теориялық тұрғыдан сыныпта да, сыныптан тыс та оқытылуы керек. Бұл оқушылардың экологиялық білімін арттыруға және сол арқылы қоршаған ортаның деградациясын азайтуға орасан зор септігін тигізеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сапанова Н.Д., Шілдебаев Ж.Б., . 2023. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 77 (Лют 2023), 188–196. DOI:https://doi.org/10.51889/3170.2022.17.56.019.