Ғылымның экономиканы дамытуға қосқан үлесін арттыру мәселеін шешу жас ғалымдардың ғылымиәлеуетін пайдаланумен тығыз байланысты. Бұрын мемлекеттік және жоғары оқу орындары тарапынанқолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігіне байланысты бұл әлеуетті толық пайдалану мүмкін болмады, және де бұл ғылыми кадрлар ағынының төмендеуіне әкелді. Ғылыми кадрлар ағынының төмендеуі нәтижесіндеқалыптасқан қиын жағдайды еңсеру үшін мемлекет жас ғалымдарды қолдаудың жаңа шараларын қабылдауда.
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының жас ғалымдарын мемлекеттік және жоғары оқуорындарында қолдау шараларының тиімділігін бағалау болып табылады. Объективті бағалау жүргізу үшінавторлардың назарына бастапқыда жас ғалымдардың жас шеңберін анықтау мәселесі төңірегінде кеңпікірталас орын алды. Бұл пікірталас жас ғалымдарға мемлекеттік және жоғары оқу орындарында қолдаукөрсету мәселелерін реттейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілерін қабылдаумен қатар жүрді.
Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін ашуда мемлекеттік және жоғары оқу орындарының қолдау шараларынбағалау әлі жеке зерттеу объектісіне айналған жоқ, бұл оның ғылыми және практикалық маңыздылығынкөрсетеді.
Жас ғалымдарды мемлекеттік және жоғары оқу орындарында қолдау шараларын бағалаудың негізгі әдісі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, ұлттық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, ғылым бойынша баяндамаларды, талдамалық есептерді, әлеуметтанулық зерттеулерді талдау болып табылады.
Талдау көрсеткендей, жас ғалымдардың жас шеңберін 40 жасқа дейін ұлғайту ғылым мен білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарларына кіретін іс-шараларды іске асыруға барынша тарту арқылы жас ғалымдардың көбірек санына қолдау көрсетудің негізгі факторларының бірі болды. Жас ғалымдарды мемлекеттік және жоғары оқу орындарында қолдаудың қабылданған шаралары мемлекеттің ашық диалогқа бағытталғандығын және жас ғалымдардың мәселелерін талқылауға дайындығын растайды. Алайда, бір-бірін толықтыруға арналған жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау мен жоғары оқу орындарындағы қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өңірлік жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін ашудың жалпы бастамаларында әртүрлі дәрежеде асинхронды түрде әрекет етуді жалғастыруда. Мемлекеттік қолдау шараларымен қатар жас ғалымдарға тұрақты негізде ЖОО-да қолдау көрсетудің шұғыл қажеттілігі айқын.
Болашақ зерттеуімізді біз жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін ашудағы қажеттіліктері мен кедергілерін анықтаумен және бағалаумен байланыстырамыз.