Мақалада прагматикалық құзыреттіліктің қалыптасуы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бір факторы ретінде қарастырылады. Соның ішінде прагматикалық құзыреттілік оқушылардың сыпайы сөйлеу мәдениетінің дамуына, әсер ететіндігі туралы баяндалған. Көптеген соңғы зерттеулерде тілді оқытудың оқу бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, прагматикалық құзыреттілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл жалпы тілді салыстырмалы түрде жақсы меңгерген, бірақ сөйлесулерде берілетін хабарламалар мен ниеттерді дұрыс түсіндіруде кемшіліктері бар оқушылардың деңгейін салыстырмалы талдаудың нәтижесі. Прагматикалық құзыреттіліктің қалыптасуы мәдениетті сөйлеу әрекеттері мен сыпайылық стратегиялары сияқты, коммуникативтік құзыреттіліктің құраушыларымен тығыз байланысты ұғымдарға теориялық талдау негізінде түсіндірілген. Мақалада әдепті сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың маңызды көрсеткіштері көрсетіліп, прагматикалық құзіреттілікті қалыптастырудың әдістері ұсынылған.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛГІН АРТТЫРУДАҒЫ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ РӨЛІ
Жарияланған February 2023
190
204
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
прагматикалық құзыреттілік, коммуникативті құзыреттілік, сөйлеу әрекеттері, сыпайылық, оқыту әдістері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жанысбекова Ш.Т., Сырлыбаева Г.Т., . 2023. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛГІН АРТТЫРУДАҒЫ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 208–216. DOI:https://doi.org/10.51889/5997.2022.53.90.021.