Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЭТНОДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған November 2022

124

130

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Университет
Аңдатпа

Бұл мақалада көркемдік білім беру мамандығы студенттерінің рухани дүниетанымын этнодизайн негізінде қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Дүниетаным адам санасын ұйымдастырудың нақты формасы, оның негізіне мінез-құлық моделін анықтайтын дүниені түсіну алынады. Этнодизайн белгілі бір этникалық мәдениеттің мән-мағыналық және эстетикалық сипаттамаларына сәйкес келеді, сондай-ақ белгілі бір халықтың дәстүрлеріне тән ұлттық ерекшелікпен қолданылады. Көркемдік білім беру мамандығы студенттерінің рухани дүниетанымын этнодизайн негізінде қалыптастыруда дүниетаным адамның жиынтық мінез-құлқын анықтайтын табиғат пен қоғамның объективті қажеттілігінің саналы теориялық көрінісі ретінде ұсынылса, ал этнодизайн сәндік-қолданбалы өнер мен ұлттық дизайн арасындағы өтпелі кезең ретінде өнеркәсіп пен халықтық өнер арасында әрекет етеді. Сондықтан дүниетаным адамның әлемнің фактілері мен құбылыстарын дұрыс қабылдауына және түсінуіне, оларға ғылыми баға беруіне, әлемнің ғылыми бейнесін жасауына мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Альжанов Г., Сманова А., . 2022. КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЭТНОДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 187–196. DOI:https://doi.org/10.51889/4370.2022.14.92.016.