Аңдатпа
Мақалада бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында кері байланыстың маңыздылығы баяндалған. Кері байланыс жүйесінің мақсаты мен міндеттері айқындалған. Зерттеу барысында кері байланыстың жұмыс құралдары мен тиімді әдістері анықталды. Кері байланыс барысындағы қағидаттар құрылды. Сонымен қатар, кері байланыс мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, ата-ана мен баласы арасында жүретін кері байланыс анықталып, зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл зерттеу барысында мұғалімге де оқушының қателіктері мен олқылықтары белгілі болып, түзету жұмыстары туралы жазылды. Ең бастысы кері байланыстың теориясы мен тәжірибелік жұмысы ұштастырылды. Кері байланыс оқушыүшін өте маңызды болып табылады. Себебі, кері байланыстың көмегімен оқушының уәжін тудырып, оқуда нәтижеге қол жеткізетін бір жолы болып табылады. Оқушы, мұғалім және ата-ана үшін кері байланыс болған кезде оңтайлы өзгерістер байқалады.