Мақалада сыни ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл менгеру дағдысын дамыту мен қалыптастыру психологиялық - педагогикалық тұрғыда тілдік қатынас арқылы олардың логикалық ойлау, даму мүмкіндіктері қарастырылады. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс екеніне тоқталады.
Тіл менгеру дағдысын дамыту мен қалыптастыру арқылы жас ұрпаққа өзінің ана тіліне, ұлттық құндылықтарына деген қатынасы айқындалатыны, олардың бойындағы ұлттық рухты, ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыруда да негізгі орын алатыны қамтылады.
Бастауыш сынып оқушылырның тіл менгеру дағдысын дамыту мен қалыптастыруда ынтаны, қызығушылықты ояту, ой қозғау, түсіну, рефлексия, ой толғаныс, бұрынғы білетін білімдерімен жаңа алған білімдерін салыстыру тұрығысынан сараланып беріледі.