Қазіргі отбасы бала өсіп, дамып келе жатқан әлеуметтік ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Кіші мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі отбасының рөлі қайта қарауды талап етеді, ата-аналардың әріптестік диалогы баланың әл-ауқатының маңызды шарты болып табылатыны анық.
Бұл мақалада отбасының рөлі және кіші мектеп жасындағы балалар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін қарастырылған. Тиімді қарым-қатынас стильдерін орнату арқылы отбасының тәрбиелік қызметін арттыру мәселесі қозғалған. Отбасында орын алатын қарым-қатынастың психология тұрғысынан өзектілігі көрсетілген. Себебі отбасы – баланың алғашқы ұжымы, оның дамуының табиғи ортасы және болашақ тұлғаның негізін қалаушы. Сонымен қатар мақалада жақсы тәрбие беру үшін отбасы мүшелері арасында орын алатын қарым-қатынас стильдернің түрлеріне сипаттама берілген.