Бұл мақалада педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі Қазақстандағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тұрғысынан қарастырылады. Осы параметрлер арасындағы өзара байланыс PISA-2018 Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның деректерін сандық талдау негізінде анықталады. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларға қатысу көрсеткіштерінің зерттеудің үш бағыты (оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы) бойынша білім алушылардың оқу жетістіктеріне әсерін айқындау үшін көптік регрессия әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс мұғаліммен байланысты басқа факторлар арасында кәсіби дамудың білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы салыстырмалы маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижелерінің қорытындысына сәйкес, мұғалімдердің кәсіби даму бағдарламаларына қатысуы мен білім алушылардың зерттеудің барлық үш бағыты бойынша нәтижелері арасында тікелей оң байланыс анықталды. Аталған фактор білім алушының әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескергеннен кейін де мұғалімнің еңбек шарты мен сертификациясына қарағанда, оқу үлгерімін жақсырақ болжайды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ
Жарияланған February 2023
434
186
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
педагогтердің біліктілігін арттыру
функционалдық сауаттылық
үздіксіз кәсіби даму
PISA-2018
оқу үлгерімінің предикторлары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сманова Н., Тулегенов Ш. , . 2023. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 116–125. DOI:https://doi.org/10.51889/7680.2022.18.74.012.