Бұл мақала мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың теориялық аспектілеріне арналған. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында коммуникативтік дағдыларды дамыту проблемасы өзекті әлеуметтік-педагогикалық мәселе деңгейіне шығады, өйткені оның шешілуіне балалардың білім игеруінің табыстылығы; педагогтармен және құрдастарымен тұлғааралық өзара іс - қимыл тиімділігі, жалпы-балалардың әлеуметтік бейімделуі байланысты.
Мақалада балалардың коммуникативтік дамуына байланысты негізгі ұғымдар, коммуникативтік дағдылардың компоненттері және «қарым-қатынас», «коммуникация» және «коммуникативтік дағдылар» ұғымдарының қалыптасуы мен дамуының ретроспективті талдауы қарастырылады.