Бұл ғылыми мақалада мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дыбыстық мәдениетін ойын арқылы тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дыбыстық мәдениетін арттыруда ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы ойындарды тиімді пайдалану жолдары көрсетілген. Тілдің дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеуде басшылыққа алынатын әдістемелік ұстанымдарды көрсете отырып, оларға сипаттам берілген.
Сөйлеуді қалыптастырудың басты алғышарттары нақтыланып, олардың дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудегі маңызы анықталған. Ойын арқылы ұйымдастырылған түрлі іс-әрекеттер бала тілінің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеудің тиімді құралы болатыны көрсетілген. Сондай-ақ, тілдің дыбыстық жағын қалыптастыру, балабақша жағдайында жүзеге асырылатын формалары сипатталған. Сонымен қатар, сөйлеуді қалыптастырудың басты алғышарттары нақтыланып, олардың дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудегі маңызы анықталған.