Мақалада биология пәнінен сыныптан тыс қызметтегі оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады.Мектеп алдына жаңа міндет қойылды-қазіргі қоғам азаматын, адамды тәрбиелеу, ол үшін білім беру-өмір бойы тұрақты және табиғи процесс, жаңа мақсаттарды қою және өз қызметінде олардың жетістіктерін жүзеге асыру.Білім алушының белсенділігі оқытудың дамытушы мақсаттарына жетудің негізі болып танылады. Білім дайын түрде берілмейді, ал танымдық, зерттеу іс-әрекеті барысында оқушылармен өздігінен құрылады.
Оқу – мұғалімнен оқушыларға білімнің жай трансляциясы ретінде қарастырылмайды, ал ынтымақтастық ретінде әрекет етеді. Білімді меңгеру және мәселелерді шешу барысында мұғалім мен оқушылар арсында бірлескен жұмыс ұйымдастырылады. Қазіргі күні шектеулі уақыт ішінде бірегей өнім немесе қызмет жасай алатын, жаңа жұмыс әдістерін қайта құрып, меңгере алатын, проблемалық жағдайдан ерекше шығу ұсынатын адамдар неғұрлым табысты болуына байланысты білім беру үдерісінде жаңа білім алу, қажетті ақпарат жинау, гипотезалар шығару, қорытынды жасау және ақыл-ой-пікірлерді дербес қалыптастыратын тәсілдер мен әдістерді қолдану өзекті болып отыр. Зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру кезінде материалды саналы түрде меңгеру, негізгі ұғымдардың белгілерін нақты бөлу, білім көлемін кеңейту, әртүрлі дағдылар мен біліктерді қалыптастыру, басқа оқу пәндерімен сабақтастықты қамтамасыз ету жүреді.