МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛЕРІН ҚАҢАҒАТТАНДЫРУ ҮШІН БЕЙІМДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ
Аңдатпа
Білім берудің негізгі құндылығы – әрбір оқушы бірегей және сапалы білім алуға құқылы. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру ресурстарын әзірлеу өте күрделі және көп уақытты қажет ететін міндет болып табылады.
Бұл мақаланың мақсаты білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бейімделген білім беру ресурстарына (БББР) және бағалау критерийлері жүйесіне қойылатын талаптарды талдау болып табылады.
Зерттеуде мәселе бойынша ғылыми дереккөздерді талдау, сауалнама және сұхбат әдістері қолданды. Сауалнама оқу-әдістемелік кешендердің коррекциялық бағыттылық деңгейін, практикалық тапсырмалардың қолжетімділігін, жан-жақтылығын және жеткіліктілігін бағалауға, оқулықтар, жұмыс дәптерлері мен әдістемелік ұсыныстар мазмұнындағы балалардың психофизикалық ерекшеліктерінің ескерілуін талдауға бағытталған.
Зерттеу нәтижелері. Арнайы білім берудегі БББР оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың және қолдаудың маңызды құралы және ол оқыту мазмұнының көлемін, сонымен қатар әдіс-тәсілдерін және оқу процесін құрудың құралдарын анықтайды. Дегенмен, БББР -ға нақты және бірыңғай талаптардың болмауы қолданыстағы оқу материалдары бойынша пікірлердің айтарлықтай санының болуын анықтайды. Бұл ретте, қолданыстағы оқу-әдістемелік кешендердің негізінде мүмкіндігі шектеулі балалармен білім беру процесін ұйымдастыруда анықталған проблемаларды талдау, БББР-ға қойылатын талаптарды анықтауға және оқушылардың дара және типологиялық ерекшеліктерін. ескере отырып, бағалау критерийлерінің жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: бейімделген білім беру ресурстары, бағалау критерийлері, оқушылардың жеке және типологиялық ерекшеліктері, шектеулі мүмкіндіктер.