Мақалада бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру бойынша теориялық талдаулар жасалады. Талдауларға сүйеніп, ӘОӘ-нің төрт түрі: жеке әмбебап оқу әрекеті, реттеуші әмбебап оқу әрекеті, танымдық әмбебап оқу әрекеті, коммуникативтік әмбебап оқу әрекеттеріне құрылымдық сипаттама беріледі. Олардың мәні философиялық, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан мазмұндалады. ӘОӘ қалыптастырудың құралы саралап оқыту екендігі негізге алынады. «Саралау», «саралап оқыту» түсініктеріне контент-талдау ұсынылады. Нәтижесінде, ӘОӘ-ден күтілетін нәтижелер бірнеше педагогикалық бағдарларды көздеп, бастауыш сынып оқушысында болатын сапаларға талдау беріледі. Олар: тұлғаның дамуы, қарым-қатынас мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, өзін-өзі дамыту. Қорытындыда ӘОӘ-нің бүгінгі қолданбалы жайы баяндалып, оны күшейтуге ұсыныстар хабарланады.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘМБЕБАП ОҚУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТТАМА
Жарияланған March 2022
248
192
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жеке әмбебап оқу әрекеті
реттеуші әмбебап оқу әрекеті
танымдық әмбебап оқу әрекеті
коммуникативтік әмбебап оқу әрекеті
саралау
саралап оқыту
педагогикалық бағдар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жусип Э.М., Сайдахметов Б.,Умирзахова Г.А. , . 2022. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘМБЕБАП ОҚУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТТАМА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 279–288. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.29.