Баланың мектепке дайындығын ұйымдастыруда мектептегі оқу үрдісі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыра отырып, олардың белсенділігін дамыта білу - бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа ортаға аяқ басу, жаңа адамдармен танысу, олармен қарым-қатынас жасау әр балада әртүрлі кешуі мүмкін. Балалардың мектепке баруы олардың өміріне өзгерістер енгізуі мүмкін. Сондықтан мақалада балалардың мектепке психологиялық, физиологиялық дайындығын анықтау мәселелері қозғалды. Баланың мектепке дайындығын анықтау барысында зерттеу жұмысында бақылау мен әңгімелесу әдістері пайдаланылды. Бұл жерде балалардың дамуын анықтайтын ойындар арқылы бақыланды, балалардың мектепке дайындығын анықтау барысында әңгімелесу әдісі және қорытындылауда сандық-сапалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде балалардың мектепке барғандағы келіп шығатын қиындықтары, психологиялық-физиологиялық дамуының кемшіліктері анықталды. Баланы мектепке дайындауда тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар, ата-ананың да, отбасы мүшелерінің де атқаратын қызметі өте маңызды болып келеді. Физиологиялық дайындық – бұл белгілі бір жасқа қажет деп саналатын, белгілі бір физикалық белсенділікті орындау мүмкіндігі. Бұл баланың денсаулық жағдайына, дене бітіміне, бой мен салмақ нормаларына, қозғалыс жылдамдығы мен ептілігіне байланысты
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ
Жарияланған March 2022
212
151
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Оқушы
психологиялық даму
физиологиялық жағдай
бірінші сынып
бақылау
әңгімелесу
сұрақ-жауап
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Рахмет Ү.Р., Шалабаева Ж.С.,Абдуразақова О.А., . 2022. БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 226–233. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.23.