Бұл мақала болашақ педагогтарды даярлауда кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын зерттеуге бағытталған. Осы орайда авторлар педагогикалық жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерді даярлауда кәсіби сапаларды қалыптастыруға ерекше мән береді. Мақалада болашақ педагогтарды дамытуда кәсіби құзыреттілік негізгі өзектілік ретінде негізделеді. Педагогтарды даярлауда қолданылған теориялық әдістеріне шолу жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, «Кәсіби құзыреттілік» ұғымының контент талдауы ұсынылады. Зерттеуде құзырет, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік ұғымдарына анықтама беріліп, педагогқа тән құзыреттіліктер ажыратылады. Зерттеуде сауалнама әдісі қолданылып, білім алушылардың кәсіби құзыреттілік ұғымын қаншалықты түсінетігі айқындалды. Қарастырылған зерттеулер кәсіби құзыреттіліктің болашақ педагогтар үшін маңыздылығын көрсете отырып тұжырымдалады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған March 2022
380
205
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Есимгалиева Т.М.,Косшыгулова А.С., . 2022. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 150–157. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.15.