Қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жалпы білім беруді жаңғырту жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына түскен сәттен бастап баланың қабілеті мен бейімділігін дамыту, тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу міндеттерін бірінші кезекке қояды. Сондықтан қазіргі бастауыш сынып мұғалімі оқушының жеке ерекшеліктерін білуге сүйеніп оқытуды, дамытуды және тәрбиелеуді іске асыруы, оқушының тұрақты өзгеру процесін басқара білуі және оның жоғары даму деңгейіне көтерілуін қамтамасыз етуі, бала тұлғасының ғылыми негізде қалыптасу мәселелерін шеше отырыпзерттеу педагогикалық іздеуді жүзеге асыруы тиіс.
Бұл мақалада диагностика әдістері, диагностика нысандарының ерекшелігі, оны қолдану аясы, диагностика жүргізуде мәліметтерді жинау мен талдаудың объективті әдістері, жазбаша және тестілеу жұмыстарының сапасын өлшеуді жетілдіру проблемасы қарастырылған.