Мақалада «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің зерттеу іс-әрекетінің мотивациясын қалыпастыру және зерттеуді талдау нәтижелері көрсетілген. Авторлар мына екі маңызды қағидатты ұстанған: мотивацияны зерттеу объективті болуы және студенттің жеке тұлғасына ізгілікпен, құрметпен қарау түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің мотивациясы әдістемесі бойынша ҒЗӘ-не деген мотивацияның ішкі және сыртқы бағыттылығы деңгейлерінің айырмашылықтарына талдау келтіріледі. Студенттердің жауаптарын талдау болашақ мұғалімдерді ҒЗӘ-не тарту жүйесіндегі педагогикалық шарттарды ұйымдастырудың нақты кемшіліктері жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу іс-әрекеті мотивациясының төмен деңгейде қалыптасқандығы анықталды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру қажеттігінің бар екені жайлы тұжырымдар жасалды, сондай-ақ студенттерде оң әлеуметтік мотивацияны дамытудың және мотивтердің ішкі бағыттылық деңгейін арттырудың маңыздылығы аталып көрсетілді, мұнда олардың айқын сезілетін, тұрақты және мағына түзуші болуына жетуге тырысу қажет.