Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СТУДЕНТТЕРДІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЕРІКТІЛІК ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУ

Жарияланған June 2022

133

181

«Bolashaq» Академиясы
Аңдатпа

Мақала бүгін таңда өзекті болып табылатын студенттерді ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен еріктілік әрекетке дайындау мәселесіне арналған. Мақалада мәселеге теориялық талдау жасалады, «еріктілік» терминінің мазмұны, студенттік кезеңдегі еріктіліктің әлеуметтік феномені ашылады. Студенттердің еріктілік әрекетін ұйымдастыру шарттары қарастырылып, жоғары мектептегі еріктіліктің негізгі қағидаттары айқындалды. Авторлар университеттің оқу процесін ұйымдастырудың тиімді әдісінің бірі ретінде ретінде студенттік еріктілер әрекетінің дамуын атап өтеді. Мақалада студенттердің еріктілік әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеттері, студенттердің болашақ кәсіби маман ретіндегі әрекетін үйлестіру, оларды жұмыстың осы бағытына дайындау, басқа еріктілік ұйымдармен өзара іс-әрекет қажеттілігі туралы ашылып қарастырылады. «Bolashaq» академиясының педагогикалық білім беру бағдарламалары студенттерінің еріктілік әрекеті мәселелері бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелеріне талдау жасалды. Сауалнама нәтижелері негізінде авторлар қорытынды жасап, студенттерді еріктілік әрекетке дайындаудың маңыздылығын анықтайды. Сондай-ақ әдістемелік тұрғыдан ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау бойынша еріктілік жұмысты ұйымдастыруға және мазмұнына байланысты анықталған кейбір қиындықтарға тоқталады. Авторлар студенттердің қызығушылығын арттыру және еріктілік әрекетке тарту бойынша шаралар кешенін ұсынды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нуркенова Г.К., Есмагулова А.А., Махмутова Г.С, . 2022. СТУДЕНТТЕРДІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЕРІКТІЛІК ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 74, 2 (Чер 2022), 105–113. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.12.