Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында үш тілді меңгерген, жаратылыстану бағытындағы педагог кадрларға сұраныс артып келеді. Бұл білім алушылардың пәндік және тілдік дағдыларын қалыптастыру қажеттілігіне байланысты. Тілдерді меңгеруді жақсарту үшін оқытудағы пәнмен біріктірілген тиімді әдіс - әлемдік білім беру аренасында танылған CLIL технологиясы болып табылады. Мақалада «Физикалық химияны» оқытуда CLIL технологиясын қолдана отырып жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, офлайн режимінде практикалық сабақтар өткізілді. Педагогикалық экспериментте B012 химия мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы тобының 3 курс студенттері іріктелді. Зерттеу барысында Google Forms платформасын қолдана отырып сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде ағылшын тілінде оқытуда CLIL әдістерін тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Тілдік аспект бойынша терминология мен глоссарий үш тілде қолданылды. Пәндік аспект бойынша белсенді сұрақтармен миға шабуыл, мәселені талқылау, кейс тапсырмалары, бейімделген мәтін және үш тілдегі тапсырмалар қолданылды. Эксперимент аяқталғаннан кейін бақылау сауалнамасы жүргізілді. Оның барысында студенттердің қарым-қатынас дағдыларын арттыру, сөздік қорын жақсарту және пәнді де, ағылшын тілін де үйренуге деген ынтаны арттыру мақсатына қол жеткізілді. Педагогикалық эксперименттің нәтижелері CLIL технологиясын қолдана отырып, ағылшын тілінде химияны оқытудың тиімділігін көрсетті.
БОЛАШАҚ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНДАЯРЛАУДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2022
379
280
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
CLIL әдісі
глоссарий
кейс-стади
коммуникативтік дағдылар
сауалнама
педагогикалық эксперимент
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурдиллаева Р.Н., Мейрбек А.Н., . 2022. БОЛАШАҚ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНДАЯРЛАУДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 74 (Чер 2022), 186–196. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.21.