Зерттеуде авторлар болашақ құқықтық-экономикалық пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасауға тырысты. Ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша үлкен тәжірибе жинақталғанын және ғалымдардың мәселені түрлі бағытта қарастыратынын байқауға болады.
Ең алдымен, кәсібилік, кәсіби іс-әрекет, кәсіби сапаларды қалыптастыру бойынша әдебиеттердің үлкен қоры жинақталғанын басып айтуға болады. Сонымен қатар, ғалымдардың көзқарастарын жүйелей келе, кәсіби құзыреттілікте келесідей элементтер тән екенін анықтаған, яғни бұл әмбебаб, жалпыланған, кешенді және интегративті сипаттама, оның өзегі тұлғаның тек қана ақпараттар жүйесін мен ғылымдар негізін меңгеруі емес, сонымен қатар кәсіби іс- әрекетті жүзеге асыруға қабілеттерді қалыптастыру.
Ғылыми-педагогикалық, философиялық, арнайы еңбектерді саралау барысында, кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың әдіснамалық негіздері нақтыланды: білім берудің іргелілігі, педагогикалық білім берудің гуманистік бағыты, мәдениеттанушылық тұғыр, шығармашылық оқу ортасын құрастыруды жатқызуға болады.
Зерттеуде кәсіби құзыреттіліктің интеллектуалдық, әлеуметтік, ақпараттық, психологиялық, практикалық, коммуникативтік, реттеушілік және тағы басқа түрлері қарастырылған.
