Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки»

МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Опубликован 11-2022
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Аннотация

Бұл мақалада педагогтердің кәсіби іс-әрекетінде мәдени құзыреттілігін дамыту мәселесі қарастырылады. Қазіргі уақытта білім берудің теориясы мен тәжірибесінде мәдениет тұрғысынан білім беруге және тәрбиенің мәдени идеяларына тұжырымдамалық тұрғыдан бетбұрыс жасалуда. Адамның қазіргі әлемге кірігуін қамтамасыз етудің жаһандық міндетімен, оның үнемі өзгеріп отыратын өмір сүру жағдайларына тиімді бейімделуімен байланысты білім беру мақсаттары саласындағы өзгерістер әлеуметтік бағдарланған нәтижеге қол жеткізу мәселесін шешуді қажет етеді. Сонымен мәдениет педагог тұлғасының ішкі (психологиялық, рухани) қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар олардың іс-әрекет тәсілдері мен оның нәтижесін де қамтиды. Сондықтан педагогтардың мәдени құзыреттілігін дамытуға дайындығының әдіснамалық негізі ретінде мәдени тұғырды басшылыққа алу осы педагогикалық үдерістің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәдени тұғыр мәдениетті құндылықтар жүйесі ретінде меңгеруді және педагог тұлғасының дамуын, өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етсе, ал құзыреттілік тұғыр қазіргі білім берудің іргелі парадигмасы ретінде білім берудің жаңа үлгісінде педагогтың кәсіби құзыреттілігімен қатар мәдени құзыреттілігін дамытуда маңызды рөл атқарады. Мәдени құзыреттілік педагогтердің мәдениет саласындағы білімі, біліктілігі, дағдылары мен тәсілдерінің жиынтығын, әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетінің өнімділігін анықтайтын қабілетін, қасиетін және сапаларын сипаттайды. Зерттеу мәселесіне байланысты педагогтерден сауалнама алынып, нәтижесінде «мәдени құзыреттілік» ұғымына қатысты алғашқы түсінік деңгейлері анықталды. Зерттеу мақсатына сәйкес педагогтердің кәсіби іс-әрекетінде мәдени құзыреттілігін дамыту мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздеріне талдау жасалынып, оны шешудің практикалық жолдары ұсынылады.

 

pdf
Язык

Рус

Как цитировать

[1]
Шолпанкулова Г.К.,Султанова Э., Сайдахметов Б.С., . 2022. МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ. Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки». 75, 3 (ноя. 2022), 68–78. DOI:https://doi.org/10.51889/6535.2022.37.10.006.