Қазіргі қоғам постиндустриалды әлемде қарқынды дамып келе жатқан цифрлық технологияларға тез бейімделе алатын адамдарды талап етеді. Қазіргі цифрлық қоғамда объективті тарихи заңдылық – тұлғаның білім деңгейіне қойылатын талаптардың артуы ең озық техникамен және ең заманауи өндіріспен жұмыс істеу дағдыларын үнемі меңгеруге дайын болуды талап етеді. Адамның бойындағы функционалдық сауаттылық бастауыш мектепте пәндер бірлестігінде қалыптасады. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру шешімін таппай отырған өте күрделі мәселелердің бірі. Функционалдық сауаттылық оқушылардың жеке дағдылары мен әрекеттеріне байланысты олар қолданатын білімі, дағдылары мен біліктілігі ретінде сипатталады.
Осы бағытта, зерттеудің мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының функ-ционалдық сауаттылығын қалыптастыру кезеңдері мен тиімді әдістерін ұсыну. Зерттеуде бастауыш мектепте жаратылыстану пәндерін цифрлық технологиялар негізінде оқыту барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі ұсынылды. Зерттеу барысында теориялық әдебиеттерге талдау, статистикалық талдау әдістері қолданылды. Практикалық сабақтарда оқушылардың коммуникативті дағдыларын, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру кезеңдері эксперимент түсінде тексеріліп нәтижелері ұсынылды. Зерттеу нәтижелерін цифрлық технологиялар арқылы оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда бастауыш мектеп мұғалімдеріне және жас әдіскер-ғалымдарға қолдану мүмкіндігі бар.
