Мақалада болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекеті туралы құндылық түсініктерін қалыптасты-рудың педагогикалық шарттары қарастырылады. Кәсіби іс-әрекет туралы құндылық түсініктерін қалыптастыру мәселесін қарастырған зерттеулерді талдаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері маңызды педагоги-калық шарттарды анықтауға мүмкіндік берді, олар: жалпы кәсіби шарттар (бағыттылық, практикалық-бағдар-лау, шығармашылық және интеллектуалдық даму); психологиялық-педагогикалық шарттар (мақсатты ұйымдас-тыру, тәжірибені кеңейту, жағымды эмоционалдық қатынас); ұйымдастырушылық-әдістемелік (ғылыми-зерт-теу, оқу-шығармашылық іс-әрекет нәтижелерін жүйелі бақылау; кафедраның, факультеттің, жоо-ның ғылыми-шығармашылық әлеуетін пайдалану, оқу-әдістемелік кешен мен практикаға бағытталған тапсырмалар жүйесін, практика бағдарламаларын құру), оларды болашақтағы жұмыста ескеру қажет. Демек, болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекет туралы құндылық түсініктерін қалыптастыру тәжірибе, білім және дағдылар жиынтығы негізінде, дамумен байланысты әлеуметтік маңызды және жеке басымдылық мағыналарын түсіну үшін тапсырмалар жүйесі негізінде дербестік, оқу-шығармашылық, ғылыми-зерттеу, жобалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үдерісінде мүмкін болады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жарияланған July 2025
33
22
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шолпанкулова Г.К., Калкеева К.Р., Муталиева А.Ш., Ахтанова С.К., . 2025. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 176–191. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.016.
