Соңғы жылдары көптілді педагогикалық білім беруге көп көңіл бөлініп жатыр. Мен осы дамып келе жатқан көптілді педагогикалық білім беру бойынша 16 жылды (2007-2023) қамтитын жан-жақты библиометриялық талдау жасадым. RStudio және biblioshiny веб-қосымшаларындағы bibliometrix пакетін қолдана отырып, Scopus базасындағы ағылшын тілінде жарық көрген көптілді педагогикалық білім беру бойынша зерттеулерге библиометрикалық талдау жасадым. Зерттеудің нәтижесінде, соңғы 16 жыл ішінде көптілді педагогикалық білім беру бойынша басылымдар мен дәйексөздердің тұрақты өсуі анықталды, әсіресе 2022 жылы өсім байқалды. Ғылыми зерттеулердің ішінде Эйридің 2012 жылғы мақаласы 196 дәйексөз жинағаны және Луо Ю осы салада он мақала жариялап, көптілді педагогикалық білім беру бойынша көп ұлес қосқандығы анықталды. Сонымен қатар, "Халықаралық екі тілді білім беру және екі тілділік журналы" осы зерттеу тақырыбы бойынша көп баслымдар жарияланғаны анықталды. Ювяскиля университеті жетекші оқу орны ретіндегі позициясын нығайта отырып, айтарлықтай үлес қосты. Испания, Қытай және Ұлыбритания көптілді педагогикалық білім беру саласындағы зерттеулерге үлес қосқан ең белсенді елдер болды. Библиометриялық талдау барысында зерттеушілердің белгілі авторлармен және әр түрлі институттармен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтілді. Бұл библиометриялық талдау көптілді педагогикалық білім берудің динамикалық саласына елеулі үлес қосқысы келетін зерттеушілер үшін жол картасын ұсынады және өз зерттеулеріне қолдана алады.
SCOPUS НЕГІЗІНДЕГІ КӨПТІЛДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Жарияланған April 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Yegizbayeva L., . 2025. SCOPUS НЕГІЗІНДЕГІ КӨПТІЛДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 44–53. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.005.