Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КОНЦЕПТІЛЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған December 2024

41

46

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Тарихи білім жеке тұлғаның азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, оның жалпы мәдени дамуы мен табысты әлеуметтенуін байытуға ықпал ете отырып, білім беру және тәрбие процесінде шешуші рөл атқарады.

Елде демократиялық азаматтық қоғамның қалыптасуына деген ұмтылысты ескере отырып, мектеп жүйе-сінде еркін ойлай алатын тұлғаларды қалыптастырудың өзекті міндеті туындайды. Бұл мәселені шешуде мектеп қабырғасында тарихты оқытудың әдістеріне ерекше назар аудару - оқушылардың тарихи ойлауын дамыту, зерт-теуге және концептілерге негізделген оқыту контекстінде өткенді зерделеу маңызды болып табылады.

Зерттеудің мақсаты - 6-10 сынып оқушыларының тарихи білімдерін тиімді дамытуға ықпал ететін ғылыми-педагогикалық және заманауи дидактикалық тәсілдерді кешенді зерттеу. Зерттеудің негізгі әдісі 6-10 сынып оқушыларының сауалнамасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қоса алғанда, оқушылардың тарихи білімі мен дағдыларының даму деңгейін бағалауға арналған кешенді диагностикалық құралдарды қамтиды.

Зерттеу нәтижелері еуропалық, ресейлік және қазақстандық зерттеушілердің  оқушылардың тарихи білімдерін тиімді дамыту мәселелерін шешуге қосқан үлесін жалпылауды, концептуалды оқыту әдісі арқылы тарихи білімді қалыптастыруға кәсіби дайындықтың жеке құрамдас бөлігінің маңыздылығын анықтауды қамтиды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Shegenova Z., Slambekova T., . 2024. КОНЦЕПТІЛЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 322–331. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.029.