Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы, «Педагогикалық ғылымдары» сериясы

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ МОНИТОРИНГІ

Жарияланған June 2022
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Ұсынған  мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мониторингінің нәтижелері көрсетілген. Үй жағдайында оқитын балалардың білім беру жүйесіндегі статистикалық мәліметтерді талдау жағымсыз тенденцияларды көрсетті. Объективті себептерге байланысты үйде оқыту білім беру қызметінің барлық көлемін қамтамасыз ете алмайды. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді және құқықтарын бұзады. Жалпы үйде оқитын ЕБК бар балалар санының өсу динамикасын талдау, мектеп жасындағы балаларды  анықтау мен аймақтық ерекшеліктерінің арасында байланыс жоқ екенін көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мониторингі аясында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің дәстүрлі және қашықтықтан оқыту форматында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқыту процесінде кездесетін қиындықтары анықталып, жіктелді.

pdf (Рус)
Тіл

Рус

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абаева Г.А., Кудеринова А.М.,Баймуратова А.Т., Куттыбаева Ж.К. , . 2022. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ МОНИТОРИНГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы, «Педагогикалық ғылымдары» сериясы. 74, 2 (Чер 2022), 317–327. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.35.